• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2016 жылы Жамбыл облысында 1 мыңнан астам тұрғын үй ғимараты салынды 03.10.2016

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ипотекалық кредиттеу жүйесі бойынша іске асыру үшін жалпы ауданы 7,9 мың шаршы метрді  құрайтын 80 пәтер пайдалануға берілген. Мұндай тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метр  орташа нақты құны 90,7 мың теңгені құраған.

Тұрғын үй құрылысына 12 853,9 млн теңге инвестиция бағытталған, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 52,2%-ға артық . Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың негізгі көзі салыстырмалы үлесі 67,2%-ды немесе 8648,2 млн теңгені құраған құрылысшылардың өз қаражаты болған.

Осылайша, 2016 жылғы қаңтар-тамыз кезеңінде өңірде 1 358 жаңа ғимараттың, соның ішінде                 1 197 тұрғын үй және 161 тұрғын үй мақсатындағы емес ғимараттың құрылысы аяқталған.

Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің ішінен барлық қаржыландыру көздері есебінен 750 оқушы орнына арналған 3 жалпы білім беретін мектеп, 1 525 орынға арналған 10 мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілген.

Бұл ретте, ақпарат бойынша, Жамбыл облысындағы өнеркәсіптік объектілердің ішінен қоспа жем өндіру зауыты, «халал» стандарты бойынша ет өнімін өндіру бойынша ет комбинаты, ТББ өндіру цехы, дәрілік өсімдіктерді өңдеу және өндіру кәсіпорны, сүт өңдеу кәсіпорны пайдалануға енгізілген.


Back to the list