28.09.2016
Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың меншікті қаражаты болып табылады, олардың көлемі ауылдық жерлердегі инвестициялардың жалпы көлемінен 34,5% немесе 31604,9 млн. теңгені құрады.
Ауылдық жерлерде игерілген инвестициялардың жалпы көлеміндегі республикалық бюджеттің үлесі 7,3%, жергілікті бюджет – 26,1%, банктердің кредиттері -1,4% және қарыз қаражаты – 30,8% құрайды.
2016 жылдың басынан жалпы алаңы 86,5 мың шаршы метрді құрайтын 654 тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысында жалпы алаңның 1 шаршы метрінің орташа құны 48,3 мың теңгені құрады. Тұрғын емес оъектілер бойынша осы кезеңде ауылдық жерлерде 7325 оқушы орынды 28 жалпы білім беретін мектеп, 1040 орынды 6 мектепке дейінгі мекеме, ауысымына 120 келушілерге арналған 1 амбулаторлық-поликлиникалық мекеме пайдалануға берілді.