• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Көкшетауда 105 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – әкім (Фото) 10.02.2015

Ол атап өткендей, құрылыс жұмыстары 13,1 млн теңгені құрады, ол 2013 жылмен салыстырғанда 108,9 пайызға тең.

«Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 26,5 млрд теңгені құрайды. Республикалық және жергілікті бюджеттен балабақшалар мен оқу орындарына қосалқы мекеме ретінде 1 млрд 241,5 млн теңге бөлінді, тұрғын үйлер мен инженерлік жүйе, абаттандырылу шаралары 482,1 млн теңгеге жүзеге асырылды. Ал, әлеуметтік сала бойынша достық үйінің құрылысына 326,5 млн теңге бөлінді», - деді қала басшысы.

Сондай-ақ, әкім Көкшетау қаласында ауысымына 150 адамды қабылдайтын онкологиялық емхана ашу жоспарда бар екенін айтты. Оған қоса, жоспарда неке қию мекемесі мен «Юбилейны» стадионын қайта өңдеу, ал саябақта «Революция күрескерлеріне» арнайы жол жасау жоспарланған.


Back to the list