• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Биыл Астанада 108,6 шақырым жол салынып, жөндеуден өтеді 09.02.2015

Астана қаласының ресми сайты хабарлағандай,  63,6 шақырым жол салынады және қайта құрылады, тұрғын алабтарында 24 шақырым жол қамтылады, 21 шақырым жол жөндеуден өтеді.

«Осы жылы Кіші айналма жол құрылысы жұмыстары жалғасын табады, соның аясында Бейсекова көшесінің Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігінің құрылысы аяқталып, Бейсекова көшесінің Қорғалжын тас жолынан Тілендиев даңғылына дейінгі бөлігінде құрылыс жұмыстары жалғасады», - делінген хабарламада.

Тұрғын алабтарын инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету көзделген. Биыл 11 тұрғын алабында жалпы ұзындығы 24 км құрайтын 30 көше салынбақ.

 


Back to the list