06.02.2015
Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, мәдениет мекемесінің жөнделуіне өткен жылы «ЖҚЖК-2020» бойынша облыс әкімдігінің қолдауымен қаржы бөлінген болатын. « Пятимар МС күрделі жөнделуіне 54 млн 216 мың теңге бөлінген болатын, құрылыста уақытша 11 тұрғын жұмысқа орналасты. Қызылоба ауылының мәдениет сарайының жөнделуіне 51 млн 913 мың теңге бөлініп, 19 жергілікті тұрғын жұмысқа орналасты», - делінген хабарламада.
Күрделі жөндеуден кейін мәдениет ошағының мекемесі адам танымастай өзгерді. Ауданның мәдениет қызметкері барлық кабинеттерді дайындап, жүйелі кітапхана мен интернет желісін қостырған. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев онлайн-байланыс бойынша модельді кітапхана қызметкерлерімен сөйлесті.
«Елбасы жергілікті орган қызметкерлері ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін қызмет етуін айтады. Бүгінгі қуаныш – бұл жұмыстың жемісі. Мәдениет ошағы тек қана қызықты, қуанышты сәттерге толы болсын», - деді облыс әкімі ашылу салтанатында.