03.02.2015
«Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоспарды дайындадық, ол 3 кезеңнен тұрады. 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін жалғасады. Біз бүгін тұжырымдаманы ғана ратификациялап отырғанымыз, шаралар жоспары үшінші кезеңге қалдырылады. Ол кезде факультативті хаттамаға қол қойылатын болады. Бұл жылдар ішінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік паспортын құру мақсатында 54 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым тексерілді. Оның ішінде 24 мыңы ғана паспортталған болып шықты», - деді вице-министр.
Әрбір нысанға бейімделу бойынша құжат шығарылған болатын.
«Біз әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, көліктік инфрақұырлым, мемлекеттік қызметке қолжетімділік кешенді түрде жүзеге асуы керек. Сондықтан ол үшін біраз уақыт қажет керек. Бұл елдің экономикалық мүмкіндігіне де тәуелді», - деді С.Жақыпова.
Индира Кауметова