02.02.2015
Бұл баспаналарды салуға 73 миллион теңге қаржы жұмсалған. Жаңа қоныс тұрғын үй кезегінде тұрған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған және мемлекеттік қызметшілерге берілді.
«Өзім ата-ананың қамқорлығынсыз өссем де, елім жетімсіретіп жатқан жоқ. Әрине, әке-шешінің орнын ешкім баса алмайды. Бірақ осындай қамқорлық жасап, баспанамен қамтып жатқанына алғысым шексіз. Менде елімнің өркендеу жолында өз үлесімді қосуда аянып қалмаймын», - дейді баспаналы болған Алмас Қанбаев.
Жалпы, өткен жылы ауданда 26 пәтерді құрайтын 19 үй пайдалануға берілді.