• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
БҚО Зеленді ауданының үш ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі 31.01.2015

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, жаңа нысандарда тіс дәрігері кабинеті, акушер-гинеколог кабинеті, зертхана мен күндізгі стационар жұмыс істейтін болады.

Хабарламада айтылғандай, Махамбет ауылында дәрігерлік амбулатория салу үшін жергілікті бюджеттен 95,1 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Трекино ауылында да 103,7 млн теңгеге амбулатория салынады.

Мичурино ауылында тәулігіне 75 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы қолға алынбақ. оған республикалық бюджеттен 158,8 млн теңге бөлінген. 


Back to the list