29.01.2015
Биыл аталып өткелі отырған Хакімнің 170 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай ауданындағы Жидебай ауылы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі туристердің көптеп келетін орынына айналғалы отыр, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Осы орайда, ауданда әлеуметтік нысандарды көріктендіру, ауданды абаттандыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылмақ. Абай мұражай-үйінің жанындағы құрылысы аяқталмаған нысанмен танысқан аймақ басшысы мемлекет тарапынан құрылыс жұмыстарын аяқтауға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.