29.01.2015
ШҚО-ның ақпараттық орталығы хабарлағандай, 2 жыл ішінде құрылысқа 25.0 млрд теңге бағытталды, оның ішінде 2014 жылы 11.2 млрд теңгесі бөлінді. Осылайша Шығыс Қазақстан облысында 2012 мен 2014 жылдар аралығында 43 орта мектеп, 9 балабақша мен 8 қосымша нысан бой көтерді және 10 ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан басқа, ҰБТ қорытындысы бойынша 2014 жылы үлкен жетістікке жетіп, аймақ Республикалық рейтингте 13 орыннан 8 орынға дейін көтерілді. Орташа баллдың өсімі 2013-2014 жылдармен салыстырғанда 5.64 баллды құрап, ол 78,04 көрсетті. Сонымен қатар, облыстың алты мектебі «Республикамыздың 100 мектебі» рейтингісіне ілінді.