27.01.2015
Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» АҚ-мен мемлекеттік-жеке әріптестік аясында «Юнис сити» тұрғын үй алқабындағы үш үйдің құрылысы басталды. Оның алаңы 37 мың шаршы метрді құрайды. Оларды да ағымдағы жылы тапсыру жоспарлануда. Коммерциялық тұрғын үйлерді салу белсенді жүргізіліп жатыр.
«Тұрғын үй құрылысын салу көлемінің артуы үшін жылу, су, газ, энергиямен жабдықтау инженерлік желілері, кәріз жүйесінің құрылысы қажет, - атап өтті әкім. - Бұл жағынан жұмыстар жалғаса беретін болады. Өткен жылы қала бойынша 34,8 шақырым газбен жабдықтау жүйесі, 124,6 шақырым электр желілері, 201 шақырым сумен жабдықтау желілері пайдалануға берілді. Соның арқасында 3 тұрғын үй алқабы, қалаға бағынысты 5 елді мекен газбен жабдықталды», - деді әкім.