• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы Ақтөбе облысында 10 дәрігерлік  амбулатория салынды 24.01.2015

2014 жылы денсаулық сақтау саласы бойынша облыс бюджеті – 5,8% өсіп 30,9 млрд. теңгені құрады.

Басқару технологиясын жетілдіру және медициналық көмекті ұйымдастыру позитивтік медициналық-демографиялық тенденцияларды қалыптастырып, тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына әсер етті. Өткен жылдың нәтижесінде облыста оң демографиялық ахуал қалыптасып, тұрғындардың туылуы өсіп, халықтың табиғи өсімі көтерілді, жалпы өлім-жітім көрсеткіші едәуір төмендеп отыр.

Туу көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 1,5% өсті (2014ж.-24,08, 2013ж.-23,71), ҚР бойынша 23,32.Тұрғындардың табиғи өсімі 4,1%-ке өсті (2014ж.–17,29; 2013ж.-16,60), республикалық көрсеткіш – 15,68. Жалпы өлім–жітімнің төмендеуі байқалады, өлім 4,5%-ке төмендеді (2014ж.–6,79; 2013ж.-7,11), ҚР-7,64. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 71,1 жасты құрады (2013ж.-70,29), ҚР-69,61.

 

 

 


Back to the list