21.01.2015
Осыған орай, еліміздің әр аймағынан жинақталған 10-ға жуық конкурсқа қатысушы архитекторлар өздерінің жоғарыда аталған 3 ғимараттың кешендік жобасын әзірлеп, көрмеге ұсынды.
Шара барысында облыс әкімі Амандық Баталов байқаудың маңыздылығына тоқталды.
«Біз алдағы уақытта қаламызда бірқатар жаңа ғимараттарды салуды жоспарлап отырмыз. Жастардың отбасын құрып, жаңа өмірге аттаған қадамдары әсем ғимараттан басталғаны дұрыс. Осы себептен де бізге «Салтанат сарайы» қажет. Бүгінгі комиссия құрамында еліміздің үздік архитекторлары қатысып отыр. Елбасы Н.Назарбаев Астананы қалай көрікті, әсем етіп тұрғызды. Біз де Талдықорғанды солай жасауға тиіспіз. Бүгінгі көрмеде ұсынылып отырған бірқатар эскиздер арасынан біз таңдау жасап және комиссия шешімін ескере отырып қаламыздың климатына ыңғайлы деген жобаны таңдайтын боламыз», - деді облыс әкімі Амандық Баталов.
Көрмеде Қазақстан Республикасы архитекторлар Одағының Президенті Ақмырза Рүстембеков құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі Амандық Баталов құрылыс басшыларына Құрмет грамоталарын табыс етті.