• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада 2014 жылы  10193 пәтер пайдалануға берілді 20.01.2015

«2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 138700,1 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың деңгейіне - 134,5%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 21,5%-ды құрады», - делінген хабарламада.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 1206387 шаршы метр 10193 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2013 жылдың деңгейінен 9,6%-ға жоғары.

Жеке салушылармен жалпы ауданы 63017  шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2013 жылдың деңгейіне - 79,1%. Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үйдің үлесі 2013 жылдың 7,2%-ға қарағанда 5,2%-ды құрады.

Елордада 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метр құрылысының орташа нақты құны 131,7 мың теңгені (2013 жылға  - 109,3 мың теңге), ал пайдалы ауданының 1 шаршы метр құрылысының орташа нақты құны 185,3 мың теңгені (2013 жылға - 144,0 мың теңге), оның ішінде жеке салушылармен салынғаны 61,8 мың теңгені құрады.


Back to the list