• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысында 300 млн теңгеге балалар ауруханасы салынады 19.01.2015

«200 орындық перинтальді орталықтың құрылысы аяқталды. Биыл тағы 200 орындық көппрофильді балалар ауруханасы құрылысы басталады. Осы мақсатта бюджет қаражатынан 300 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда дайындық жұмыстары басталып кетті. Нысан 2016 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, өткен жылы Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарындағы 250 орындық медициналық мекемелер құрылысына 1 401,8 млн теңге бөлінді. 2014 жылы Қармақшы ауданындағы аудандық емхана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Медициналық мекеме құрылысы өзге аудандарда да жалғасын табуда. 


Back to the list