16.01.2015
Басқарманың хабарлауынша, 5,727 мың метрлік 76 пәтер ауылдық елді мекендерде салынбақ.
Тұрғын үйлердің 4-і (29,549 мың шаршы метрлік 450 пәтер) ҚТҚЖБ бойынша салынады, соның ішінде «Жас отбасы» бағыты бойынша 3 үй (21,002 мың шаршы метрлік 360 пәтер), ЖАО кезегіндегілер үшін 1 үй (9,942 мың метрлік 180 пәтер) берілмек.
БҚО құрылыс басқармасының мәліметінше, 2015 жылы Орал қаласында 150 орындық балаларды қалпына келтіру орталығы құрылысы жоспарланған.
Сонымен қатар 2 598,3 мон теңге көлеміндегі қаражат 300 орындық көппрофильді қалалық аурухананы аяқтауға жұмсалады.
Туризм мен спорт саласында Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы қолға алынады деп көзделуде. Оған 50 млн теңге бөлінген.