15.01.2015
Өскемен қаласындағы драма театрдың құрылысы 2012 жылдың тамыз айынан басталған болатын. Бүгінгі күні театрдың негізгі құрылысы аяқталған. Нысанның жұмысымен танысу барысында аймақ басшысы мердігерлерге құрылысты аяқтау жөнінде нақты тапсырма жүктеді.
Құрылыс толығымен аяқталғаннан кейін ШҚО мен алматылық мердігерлер жұмысқа тартылған адам саны мен аяқтау мерзімі бойынша есеп береді. 1 мамырға дейін драма театр пайдалануға берілу керек. Сондай-ақ, драма театрдағы қазақ және орыс труппаларының режиссерлері театрдың ашылу салтанатына мерекелік бағдарлама даярласын. Біз бір шаңырақта біріге еңбек ететін қос театрлық труппаның бірлескен мерекелік бағдарламасын тамашалайтын боламыз, – деді Д. Ахметов.
Назардан қан орталығы да тыс қалған жоқ. Нысанды мердігерге 1 сәуірге дейін пайдалануға беру тапсырылды. Қан орталығының құрылысы толығымен аяқталған. Тек ол мекемеге медициналық жабдықтар мен қажетті жиһаздар әкелініп, безендіру жұмыстарын аяқтау ғана қалып отыр