15.01.2015
Аталып өткендей, бағдарламаны жүзеге асыру үшін 6 219,4 млн теңге бөлінді. « 2014 жылдың қорытындысы бойынша, 6 219,4 млн теңге жоспар 100% игерілді», - делінген хабарламада. ІСБ мәліметі бойынша, аймақта қаржыландырудың барлық көздері есебінен 257,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік қолдау қаражаты есебінен жоспар 34,4 мың шаршы бола тұрып, 41,9 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді немесе жоспар 122%-ға орындалды.
Бұдан басқа, 2942,932 млн теңге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы үшін бөлінді. 2014 жылы 218,5 шақырым инженерлік жүйе төселді.