14.01.2015
Жалпы өңірде 2 393 спорттық нысан жұмыс істеп тұр. Солардың арасында 1914-і ауылда. Сонымен қатар өткен жылы өңірде 15 шағын футбол алаңы мен 81 хоккей корты ашылды.
Ведомстваның хабарлауынша, өткен жыл соңында Ғ.Мүсірепов ауданы Жаңаесіл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 25 метрлік хауыз пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда Петропавл қаласындағы «Жас өркен» шағын ауданындағы жеңіл атлетика манежі мен мұз аренасы бар Спорт сарайы салынып жатыр. Спорт нысанының жалпы ауданы 14 853 шаршы метрді құрайды.