• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да психоневрологиялық мекеменің жаңа ғимараты ашылды 14.01.2015

«2009 жылдан бастап бұл мекеме «Көксәйек психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылған. Былтырғы жылы облыстық бюджеттен 193,9 млн.теңге қаралып, қосымша 40 орындық әкімшілік-жатын корпусының құрылысы жүргізілді», - деп облыс әкімдігінен хабарлады. 

Жаңа ғимараттың іске қосылуы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтердің бекітілген стандарттарға сай болуын қамтамасыз етіп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, әрбір мүгедекке тиісті жатын орын көлемін 5м2 -ге дейін ұлғайтуға, медициналық көмек, оңалту шараларын, еңбекке баулуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. 

Сонымен, қосымша ғимарат мекеме сыйымдылығын 140-тан 160-қа ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Айта кетерлік жайт, бұл мекеме 1953 жылдан бастап қызмет атқарады. 1989 жылға дейін кемтар балаларға арналған интернат үйі болып аталған. Ал 1989 жылдан бастап жасы 18-ден асқан созылмалы психикалық жүйке аурулары бар бірінші, екінші топтағы мүгедектердің тұруына арналған «Психикалық жүйке аурулар интернат - үйі» мемлекеттік мекемесі мәртебесі берілген. 


Back to the list