• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Өскемен қаласындағы стадионды жаңғыртуға 232 млн теңге жұмсалмақшы 12.01.2015

«Алтай» стадионы қаланың ортасында орналасқан, бұл стадионға күніне 500 адам келеді. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы аталмыш стадионды жетілдіру жобасын көрсетті. Жоба құны құны 232 млн. теңге.

Облыс орталығы Өскеменге іс-сапары аясында орталық мешітте болған аймақ басшысы діни басқарманың аймақтағы өкіл имамы Нұрлан қажы Асановпен мешіттің халыққа жайлылығын сөз етті. Имамның айтуынша, мешіттің су құбыры жөндеуді талап етеді.

Сондай-ақ, Д. Ахметов Өскемен қаласында былтыр пайдалануға берілген Үлбі өзені арқылы өтетін жаңа көпірге бағдаршамдар орнатуды, көпірді талапқа сай жабдықтауды тапсырды. Қалалық ТҮКШ өкілдерінің айтуынша, бұл жұмысқа 170 млн. теңге қаражат керек. Аймақ басшысы аталмыш мәселені қайта бір пысықтап шығуды тапсырды.

Бұдан басқа, Д. Ахметов Комсомол аралы, Сәулетай саябағын көре келе қысқы демалыс орнының жұмысына оң бағасын берді. Комсомол аралында жуырда ұзындығы 1,5 шақырым болатын шаңғы тебу алаңы мен тамақтану, жылыну орындары ашылған.

 «Нұртау демалыс базасы сөзсіз бірегей. Десе де, тұрғындардың қаладан алыстамай демалғандары өздеріне жайлы. Осы орайда, Комсомол аралында халыққа жасалған жағдай көңіл қуантады», – деді аймақ басшысы.


Back to the list