• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда қаласында жаңа автовокзал салынады 07.01.2015

Қызылорда қаласында 2015-2017 жылдары қалааралық 8-10 мың жолаушы қабылдайтын автовокзал құрылысын салуға «ТрансТурСервисКызылорда» ЖШС-і қызығушылық танытып отыр. Қазіргі таңда жаңа заманауи автовокзал кешенінің жобасы әзірленуде. Аймақ басшысы қала әкіміне жаңадан салынатын автовокзалға жер телімін белгілеуді тапсырды.

Бұған қоса, аудандарда автостанция және ауылдық округтерде жолаушыларға қызмет көрсету пункттері салынатын болады.

Сондай-ақ, жиын барысында жергілікті автомобиль жолдарын және жолаушылар тасымалын дамыту бойынша атқарылатын жұмыстар туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов баяндап берді.

Бүгінде облыс аумағында барлығы 215 тұрақты автобус қатынасы бар. Қазіргі таңда Қызылордадан Алматы, Астана, Шымкент және Түркістан қалаларына автобус қатынап тұр. Алдағы уақытта басқада облыс орталықтарымен байланыстартын жаңа автобус маршруттарын ашу көзделіп отыр. 


Back to the list