05.01.2015
«Астананы дамытудың басты бағдары "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты болмақ. Біздің қызметімізде Мемлекет басшысының еліміздің дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы туралы бастамасына ерекше назар аударылуы керек», - делінген хабарламада.
Астананы дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде құрылыс секторын атап өтті. Қала әкімі бас жоспарды жүйелі жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруды, сонымен қатар, кредиттік және арендалық тұрғын үй құрылысын аяқтауды тапсырды. Елордада инвестициялық бизнес-климатты жақсарту үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды белсендіру қажет, соның ішінде индустриялық паркте, сонымен қатар, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, азиялық және еуропалық қаржы институттарының несиелік ресурстарын іздеу және тиімді пайдалану бойынша кешенді шаралар қабылдау керек.
Тағы да бір маңызды мәселе - Астананың энергетикалық инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Басым бағыттардың бірі ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қуаттылықтарын кеңейту, қалпына келтіруді аяқтау, сондай-ақ, ЖЭО-3 құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру мерзімдерін сақтау.
Елорда әкімі Астананың зияткерлік логистикалық стратегиясын жасауға да баса назар аударды. Әлеуметтік салада жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету тапсырылды.
Кеңес соңында қала әкімі Әділбек Жақсыбеков жылыту маусымының барысын, аула аумақтарын абаттандыруды, қар шығару мен жол қозғалысы қауіпсіздігін тұрақты бақылауды ұйымдастыруды тапсырды.