• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында 140 орындық балабақша ашылды (ФОТО) 30.12.2014

Өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімі Сергей Кулагин, елорда маңында орналасқан елді мекендер мен қалалардың дамуына көңіл бөлінуі тиіс, деп атап өтті. Сонымен, соңғы кездері аймақта 253 оқу және мектепке дейінгі мекемелер ашылды. Олардың 77 - балабақша, 13 - Целиноград ауданында.

Қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтаған аймақ басшысы интерактивті тақтаны сыйға тартты. Сонымен қатар, ұстаздар өздерінің тәрбиеленушілерін жан-жақты дамыту үшін бар күшін салады деп сенім білдірді.

Айта кетерлік жайт, жаңа нысанның көлемі 2870,1 шаршы метр. Ол бюджетке 363 млн теңгеге түсті. Жалпы, 23 педагог 7 топтағы балаларды мемлекеттік тілде оқытатын болады және  бұл мектепке дейінгі мекеме жергілікті 36 тұрғынды жұмыспен қамтыды.


Back to the list