29.12.2014
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Мүлік қоры 15 жобаны әзірлеуде, олардың жалпы алаңы 659 мың шаршы метр. Аталмыш жобалар 8 облыста жүзеге асырылуда: Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан Астана және Алматы.
2013-2014 жылдары Ақтөбе, Тараз және Алматы қаласының маңында 3 тұрғын үй нысаны пайдалануға берілді. Олардың жалпы алаңы 151,18 мың шаршы метрді құрайды, Қордың тұрғын үй алаңы 118,87 мың шаршы метр.