29.12.2014
Биылғы жылы облыс бойынша тұрғын үй құрылысына мемлекет қаржысы есебінен 7 млрд. 981 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңға 19 425 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 303 отбасы баспаналы болып, қоныс тойларын тойлады.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасына сәйкес жалпы саны 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 10 көпқабатты тұрғын үй (466 пәтер), Қызылжарма ауылында салынған екі пәтерлік 7 үй жалпы саны 17 үй пайдалануға тапсырылғалы тұр. Апаттық жағдайдағы тұрғын үйдің мәселесін шешу бағытында 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті.
Мұнан бөлек, Қалада «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» бірлесіп 230 пәтерді құрайтын 4 үй, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры Акционерлік қоғамы арқылы 210 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы басталды.Бұл өз кезегінде баспанаға мұқтаж жандарға үлкен қолдау болатыны анық. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы келбеті келіскен, сәулетінің сән-салтанатымен мақтануға тұрарлық алдынғы қатарлы қалалардың қатарынан көрініп келеді.