23.12.2014
«2014 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 32 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 15-і жалдамалық болса, 9-ы несиелік. Ол тұрғын үй құрылыс жинағы арқылы жүзеге асады», - деді С.Кулагин.
Оның айтуынша, облыста жеке инвестициялар есебінен 800 жеке үй салынды. Ол атап өткендей, пайдалануға берілетін үй 268 мың шаршы метрді құрайды. Ауданның 2,5 мың тұрғыны баспана жағдайын жақсартады.
Сондай-ақ, дамудың кешенді жоспары аясында 5 жергілікті жердің электрмен қамтылуы мәселесін шешу мақсатында 169 км электр тарату жүйесі салынды, 8 трансформациялық реттеуші станция тұрғызылды.
«Целиноград ауданында қуаттылығы 750 КВТ желгенераторының жобасы жүзеге асты. Ерейментау ауданында қуаттылығы 45 МВт жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде», - деді ол.
Индира Кауметова