23.12.2014
3 тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстары әлі жалғасуда. Қазір ауа-райы жағдайларына байланысты кей жұмыстар 2015 жылдың сәуір айына шегерілді. «ТКШ жаңғырту бағдарламасын» іске асыру нәтижесінде 9 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары мен қалпына келтіру, суық және ыстық сумен қамту желілерін алмастыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 9 үйдегі жылумен қамту желілері алмастырылып, 10 үйдегі жылу түйіндері ауыстырылды. Бұдан бөлек, автоматты жылу пункті орнатылып, су ысытқыштары жаңадан қойылды.