• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысының Шәкен ауылында 95 млн теңгенің дәрігерлік амбулаториясы ашылды 20.12.2014

Бұған дейінгі көне ғимаратта  медициналық  жабдықтары болмаған. Сондықтан ауыл тұрғыны үшін жаңа амбулаторияның ашылуы көптен күткен үлкен қуаныш. Құрылыс жүргізуді міндетіне алған мердігер «Қасиет ал» ЖШС облыстық бюджеттен бөлінген 95,75 млн.теңге қаржыға ғимаратты сапалы салып бітірді. 

Жаңа амбулаторияның медициналық бөлме, ультра-дыбыстық зерттеу қондырғылары, физиотерапия бөлмелері, балалар дәрігерінің қабылдау кабинеттері сияқты 40-тан аса бөлмесі бар. 11 орындық күндізгі стационар жұмыс жасайды. 

Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бахыт Жаханов тұрғындарды маңызды мерекедегі қуаныштарымен құттықтап, теледидар сыйға тартты.

 


Back to the list