• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО-да  144 отбасы баспаналы болды 18.12.2014

«Бүгін 144 пәтерден тұратын 9,9  мың шаршы метр болатын жалға беру-коммуналды тұрғын үй бағыты бойынша екі үй пайдалануға берілуде. Жыл соңына дейін тағы екі ипотекалық бағыттағы тұрғын үй пайдалануға беріледі. Олардың бірі 93 пәтерге, екіншісі 45 пәтерге есептелген, жалпы көлемі 10,6 мың шаршы метр. Ағымдағы жылы барлығы 30 мың шаршы метрге жуық үйді пайдалануға береміз», - деп атап өтті Петропавл қаласы құрылыс бөлімінің бастығы Серік Сабралин.

Жаңа пәтерлер иелерінің арасында - мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеменің жұмысшылары мен әлеуметік аз қамтамасыз етілген тұрғындар, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар және де өзге де санататтағы азаматтар.

Айта кетерлік жайт, «Жас отбасы» бағыты бойынша жыл басынан бері Петропавлда жалпы көлемі 9,5 мың шаршы метр 84 пәтерден тұратын 4 тұрғын үй пайдалануға берілді.


Back to the list