16.12.2014
«Облыс орталығындағы Жайлау шағынауданында жаңадан салынған 240 бүлдіршінге арналған Мерей балабақшасының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин балабақша ұжымы мен ата-аналарды Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген осынау қуаныштарымен құттықтады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, аталған балабақшаның құрылысына облыстық бюджеттен 635 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Құрылыс жұмыстарын мердігер Модуль-2030 компаниясы жүргізген.
Мұнда 14 топ болса, оның 2-уі коррекциялық, психикалық дамуы нашар балаларға арналған. Сондай-ақ, ұжымда 45 педагог жұмыс істейтін болады.