15.12.2014
Денсаулық сақтау мекемесі – интернат үйі 3 қабат, 8 ғимараттан тұрады, жобаның жалпы құны 3 млрд теңге.
Сондай-ақ, облыс орталығында жаңа Ардагерлер үйі ашылды, оның құрылысы осы жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Жалпы, жобаның жүзеге асырылуына 120 млн теңге бөлінген болатын.
Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 23 жылдығын тойлау барысында Тараздың «Бәйтерек» ауданында 75 пәтерлі екі тұрғын үйдің кілті табысталды. Ол «Қолжетімді баспана-2020» бағдарлама аясында жас отбасыларға салынған болатын.