• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодар облысында  жаңғыртылған құс  фабрикасы 100 жұмыс орнын ашты 15.12.2014

Бұл құс фабрикасы Индустриаландыру картасы жобаларының біріне жатады. Іске қосылған құс фабрикасы ауылдық елді мекенді дамыта түсері сөзсіз. Аталмыш фабрика жылына жергілікті нарыққа 8 мың тоннаға дейін құс етін шығаруға қауқарлы. Фабриканың іске қосылуымен жүзден аса ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды.

Фабрика бастапқы қезеңде 4 мың тоннаға дейін бройлер құс етін шығаратын болады. Бұл біздің өңір тұтынатын құс етінің 70% тең. 2016 жылы фабрика қуатын 8 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Артық өнімді сыртқы нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Инвестициялық жобаны іске асыруға барлығы 3 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінген.

«Қызылжар құс» фабрикасын қайта жаңғыртуға жергілікті атқарушы органдар да қолдау көрсетті. Атап айтқанда, Моноқалаларды дамыту, «Бизнестің жол картасы - 2020» және «Агробизнес - 2020» бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдау жасалды.

 


Back to the list