• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазалының 30 отбасы баспаналы болды (Фото) 15.12.2014

18 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 200,1 млн. теңге бөлінді. 3 қабатты нысан ауыз су, кәріз, жылу жүйесі орталықтандырылған жүйеге қосылған. Сонымен қатар, мердігер мекеменің демеушілігі есебінен әр пәтерге «ОТАУ ТВ» спутниктік телеарнасы орнатылды. Айта кетейік, жаңа үйге өткен жылы өрттің салдарынан баспанасыз қалған жандар қоныстанды.

Ал «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасымен салынған 12 арендалық үй Ұлы Отан соғысына қатысушы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік жағынан осал топтарға және бюджеттік сала қызметкерлеріне берілді.

«Өсіп-өркендеп келе жатқан халқымызды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету басты міндеттеріміздің біріне айналды. Қазалы ауданы бойынша биылға жоспарланған 2800 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлердің құрылысы толығымен аяқталып,  Сіздердің игіліктеріңізге пайдалануға беріліп отыр. Бүгін, міне, Сіздер жаңа үйге қоныс аударып, "Қоныс тойын" жасау мүмкіндігіне ие болып отырсыздар. Бұл Тәуелсіздігіміздің тұғырлығының жемісі», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Биыл облыс бойынша 36 мыңға жуық шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысына мемлекет қазынасынан 7 млрд. 981 млн. теңге бөлінді. Жоспар бойынша жыл соңына дейін барлығы пайдалануға берілетін болады.


Back to the list