15.12.2014
«Түркияның құрал-жабдығымен жабдықталған кәсіпорын тәулігіне 180 тонна бидай тартуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Бидай Қостанай, Ақтөбе облыстарынан әкелінуде. Комбинат аймақтың 42 пайызын ұнмен қамти алады», - делінген хабарламада.
Аймақ басшысы кәсіпорынның мемлекеттік бағдарламалар негізінде жұмыс жасауын тиісті басқарма басшыларына тапсырды.