14.12.2014
Әкімдіктен хабарлағандай, кешенді «Мелиоратор» ЖШС-гі «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салды. Сауықтыру орнында 1000 адамға арналған аквопарк, 400 адамға арналған мейрамхана, 1500 адамға арналған ойын павильоны және басқа да қосымша қызмет көрсету нысандары бар. Заманауи талаптарға сай, сәулетіне сәні келіскен ғимараттың бір ерекшелігі қыстың қытымыр аязына қарамастан, қала халқына жаздың жаймашуақ жылулығы мен сұлулығын сезіндіреді.
«Тұрғындарға бүгінгідей мерекелік көңіл-күй, зәулетті демалыс орнын ашқаны үшін жоба басшылығына алғысымды білдіремін. Әрқашан тірлігіміз түзу, бірлігіміз бекем болсын», - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев кешеннің ашылу салтанатында.