14.12.2014
««Даму-Өндiрiс» бағдарламасы аясында комбинат құрылысына бөлінген 1 миллиард 850 миллион теңге толығымен игерілген. Ол жылына 35 мың темір бетон өнімдерін өндіре алады. Айта кетерлік жайт, жаңа өндіріс ошағы Елбасының Жолдауда тұрғын үй құрылысына қатысты берген тапсырмасын орындауда атарлықтай көмек бере алады», -делінген хабарламада.
Жалпы, үй құрылысы комбинатты атыраулық 60 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтыды. Ол амарикалық заманауи технологиямен жабдықталған. Бұл өз кезегінде жиырма метрге созылған бөлмені ешқанай тіреусіз салуға мүмкіндік береді. Оның үстіне мұндай блоктардан шағын бес қабатты 20 пәтерлі тұрғын үйді салу анағұрлым арзаңға түседі.