• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР-да инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді барынша тарту керек – Мемхатшы 12.12.2014

«2015 жылға арналған Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының жұмысы  Жолдаудың басым бағыттары аясында өрбитін болады. Онда Жолдауды жан-жақты іске асыруға әйелдердің белсенді ат салысуына басымдылық беріледі. Жолдауда айтылған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда бұл жұмыстарға әйелдер қауымын көптеп тартып, олар арасындағы жұмыспен қамту деңгейін көбейтуіміз керек», - деді мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшының айтуынша, әйелдердің белсенді ат салысуы арқылы ел экономикасын әрі қарай дамытуға мүмкіндік мол.

«Жолдауды іске асыру барысында жаңа жұмыс орындарының ашылуы қажетті қабілеттерге ие дайындықтан өткен мамандарға қажеттілікті арттырады. Осы орайда әйелдер арасында сұранысқа ие мамандарды дайындау мен олардың біліктіліктерін арттырудың маңызы зор», - дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Шарада Ұлттық комиссияның 2015-2020 жылдарға арналған отбасылық қатынастар, моральдық-әдептік және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша жалпыхалықтық жоспарды іске асыру жұмыстарының негізгі үйлестірушісіне айналатыны айтылды. Аталмыш бағыттағы жұмыстар үш басты мәселе бойынша жүзеге асырылмақ: отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.

Камила Амирова


Back to the list