12.12.2014
Баспаналы болғандардың санатында 12 Ұлы Отан соғысының ардагері, 132 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 126 «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несие алып отырған жас отбасылар бар.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай алуға мұқтаждар тізімінде 19 мыңнан астам азамат кезекте тұрған болса, олардың барлығы алдағы төрт жыл ішінде «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы шеңберінде баспаналы болады. Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауына сәйкес қалада 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарлануда», -деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов. Жыл соңына дейін тағы да 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.