12.12.2014
«Осы жерде құтқару станциясының салынуы Елек өзенінің бойында жаңадан көп қабатты тұрғын үйлердің бой түзей бастауына байланысты. Бұл жер суға түсуге қауіпті жердің бірі, дегенмен бұған қарамастан суға түсетін адамдар саны азаймауда және де суға кетушілер әлі де тіркелуде. Жыл сайын суға шомылу кезінде бұл жерлерде демалыс және мереке күндері құтқарушылар кезекшілігі ұйымдастырылып келген болатын, енді жаңа құтқару станциясында құтқарушылар тұрақты кезекшілік атқаратын болады», - делінген хабарламада.
Жаңа құтқару станциясы - аумағы 421,6 шаршы метрді құрайтын қазіргі заманға сай екі қабатты ғимарат.
Құтқару станциясында зардап шегушілерге уақытылы көмек көрсете алатын заманауи құралдармен жабдықталған, медициналық, психологиялық жеңілдену кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар компрессор, гараж, мұнара, жүзу құралдарына арналған эллинг, қазандық, жер астындағы сорап қондырғысы, оқу залы, медпункт, тамақтанатын бөлмелері бар.