11.12.2014
«Қазіргі таңда 17 үйде барлық жөндеу жұмыстары аяқталды, оларды мемлекеттік комиссия қабылдауда. Мемкомиссиядан басқа тұрғылықты тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары да ескерілетін болады», - делінген хабарламада.
Қалалық тұрғын үй инспекция басшысы Нұрлан Ерғалиевтың айтуынша, ағымдағы жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына бірқатар жаңашылдықтар енгізілген. Егер ертеректе үйді терможаңғырту үшін ПИК-тің есеп шотында жалпы соманың 5%-ны болуы шарт болса, бүгінде бұл ереже алынып тасталды, себебі көптеген ПИК-терде мұндай қаржы жоқ.
«Сонымен қатар, үйге жалпыға ортақ жылу есептегіш құралын орнату міндетті, ал бағдарламаны жасақтаушылар екі түрлі қызмет жиынтығын ұсынады. Шағын жиынтыққа - шатырды жөндеу және жабу, подъездерді жөндеу және жертөледегі инженерлік жүйені алмастыру кіреді. Үлкен жиынтыққа - ертеректе айтылғанның барлығы және жеделсаты мен аула болған жағдайда оларды да күрделі жөндеуден өткізу қызметтері енгізілген», - деп толықтырды әкімдікте.