• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО-да мыс өңдейтін  кен-байыту  кешенінің құрылысы 2017 жылы аяқталады – әкім 06.12.2014

«Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына 100 млрд теңгенің 70 жобасы енеді. Бұл жобалар бойынша 2,5 есеге, инвестиция бойынша 3 есеге жоғары.Бағдарлама облыстың барлық аудандарын қамтиды. 35 жоба мақұлданды. Оның үштен бірі келер жылы іске қосылмақ», - деді Е.Сұлтанов.

ҮИИД бағдарламасы бойынша облыста 49,8 млрд теңгенің 53 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Оған қоса, бағдарлама жүзеге асқалы бері индустрияландыру картасының 29 инвестициялық жобасы пайдалануға берілді, оның 22 жобасы 70 және 100 пайыз қуаттылыққа шықты.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Индустрияландыру картасы аясында 3,9 млрд теңге көлемінде 2 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

«2017 жылы «Сырымбет» кен-байыту кешені пайдалануға беріледі. Ол жылына 10 млрд теңгені құрайтын 1 млн тоннаның кенін шығарады. Сондай-ақ, «Әулие» кен орнында гидрометаллургиялық кешен салынуда», - деді ол.

Сондай-ақ, Петропавл қаласында жыл соңына дейін кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады.

Камила Амирова


Back to the list