• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысында «Нұрлы жол» аясында 17 автожол жобасын жүзеге асыру жоспарланған 05.12.2014

«Оның үшеуі – республикалық маңыздағы жолдарды қалпына келтіру немесе жөндеуге қатысты, қалған 14-і – облыстық маңыздағы жолдар бойынша», - деп нақтылады облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов.

Сондай-ақ, оның ақпаратынша, келесі жылы Қызылорда облысында стратегиялық және әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бірқатар жобаны іске асыру басталады.

«Бұл, мысалға, «Бозкөл - Тасарық» автожолын қалпына келтіру, Сырдария арқылы өтетін бірнеше көпір үшін ЖСҚ дайындау, «Жезқазған – Қызылорда» тас жолының 60 шақырымын қалпына келтіру, «Самара – Шымкент – Бекбауыл» жолы учаскесінің құрылысы», - деп түгендеп берді ол.


Back to the list