02.12.2014
«Қазіргі таңда Мақтарал ауданында 60 ұлттың өкілдерінен құралған 300 мыңнан астам халық тұрады. Ауданда 5 этно-мәдени орталық, 65 діни бірлестік, мақта мұражайы бар. Соңғы үш жыл аралығында ауданда 36 жаңа мектеп және 12 медициналық нысан тапсырылды. Бұдан басқа қосымша 11 елді мекенге табиғи газ берілді», - делінген хабарламада.
Мәдениет, денсаулық сақтау, жол-көлік құрылысы, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үйлерді жаңғырту, бала бақшалармен қамтамасыз ету, тағы басқа да әлеуметтік салаларда тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Ағын сумен шаруаларды қамтамасыз ету үшін «Тәуелсіздікке 20 жыл» каналы қызмет көрсетуде және модернизациядан өтуде.
Атап айтқанда 9 шаруашылық аралық каналдарда және 3 ауыл округінде ішкі жүйелерін бетонмен қаптау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңға 270-тен астам дренаждар іске қосылды. Ал Кеңесшіл ауылындағы 100 орындық бастауыш мектебі мен өнер және спорт жұлдыздары аллеясының құрылыстары аяқталып ауыл тұрғындарына мерекелік тарту ретінде тапсырылып отыр.
Мерекелік шара аясында ауданнан шығатын тауарлар көрмесі өтіп, соңы спорттық жарыстарға ұласты. Сондай-ақ, 1924 жылы 1 қарашада «Мақтаарал» тұқым шаруашылығы ұйымдастырылған Мақтарал кеңшарының құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр.