02.12.2014
«Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Сергей Кулагин, қстазда қауымы, ата-аналар, оқушылар және тұрғындар қатысты», - делінген хабарламада.
3 қабатты ғимаратта хореографиялық, спорт залы, музыкалық, мультимедийный жәнге интерактивті тақтамен жабдықталған заманауи кабинеттер бар. Оқушылардың қауіпсімздігін қамтамасы ету мақсатында мектепте бейнебақылау да орнатылған.
Салтанатты шарадан кейін облыс әкімі, оқу ғимаратын аралап көріп мектеп түлектерімен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы, бітірушілердің болашақ мамандығына қызығушылық танытып, сұрастырды. Өз кезегінде облыс әкімі әсіресе елді-мекендерде дәрігерлердің жетіспеушілігін алға тартып, келесі жылдан бастап аймақта медициналық мамандықтарға арнайы грант бөлінетінін жеткізді. Грант арқылы оқып, жастарды ауылда еңбектенуге шақырды.
Атап айту керек, соңғы жылдары «Васильковский» мөлтек ауданында көпқабатты үйлер көптеп салына бастады. Осыған орай мектепке деген сұраныс артқан. Жаңа оқу корпусында бастауыш сынып оқушылары білім алатын болады.