02.12.2014
Тұңғыш Президент Күнінде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округінің Қанай ауылында 286 орындық, Бозанбай ауылдық округінің Алғабас ауылында Кәкен Ахметов атындағы 80 орындық мектеп ашылды. Үшінші мектепке Қасым Қайсеновтің аты берілді. Ол Ұлан ауданы Тарғын ауылдық округінде салтанатты түрде ашылды. Сыйымдылығы - 80 орын.
«Бүгінгі таңда аталмыш аудандағы 34 мектепте 4228 бала оқып жатыр, ол облыс орталығына ең жақын орналасқан аудандардың бірі болып табылады. Ұлан ауданының тұрғындар санын арттыру мақсатында Тұңғыш Президент Күнінде 3 жаңа мектеп есігін айқара ашты. Мекемелердің құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында жүрді. Біз жаңа мектептердің ашылуы ҰБТ нәтижесінің жақсаруына ықпал етеді деп үміттенеміз», - деді ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Ескі мектептердің ғимараттарының жұмыс жасай беретінін айта кеткен жөн. Мәселен, Қанай ауылындағы бұрынғы мектепке күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін, ол 50 орындық балабақша ретінде ашылатын болады.