• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тұңғыш Президент күні Ақтөбеде 320 орындық балабақша ашылды 02.12.2014

Жаңа үлгідегі, заманауи талапқа сай салынған бөбекжай 320 орындық, жалпы алаңы – 3480,67 шаршы метр. Балабақшаның ашылуымен 57 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Балабақшаның құрылысына бюджеттен 471,6 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 444,05 млн.теңге және жергілікті бюджеттен 27,6 млн.теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі А.Мұхамбетов щараға қатысушылардың барлығын шын жүректен мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ақтөбеде жаңа мектепке дейінгі білім беру мекемесінің маңыздылығына тоқталып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қойылған міндертер аясында әлеуметтік саланың алдағы дамуынан хабардар етті.

№45 «Алтын бала» бөбекжайы  13 топқа  есептелген, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылады. Бөбекжайда музыка залы, медициналық кабинет, асхана, кір жуатын бөлме, ойын және жатын бөлмелері заманауи балалар жиһаздарымен жабдықталған.

 


Back to the list