28.11.2014
«Облыс бюджетінен құрылысқа 238 млн теңге бөлінді. Заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған мектепте 80 бала оқитын болады. Мектепте пәндік зертханалар, тілдер оқыту кабинеті, жаңа модификация кабинеттері, компьютер кластары, спорт зал мен үлкен асхана бар», - делінген хабарда.
Жаңа екіқабатты оқу ғимараты мемлекеттік тілде оқытады. Қазіргі таңда мектепке 56 оқушы барып жүр.
«Заман талабы мен заманауи нормаларға сәйкес педагогтар мен оқушыларға қолайлы жағдай жасау - барлық деңгейдегі білім сапасын арттырудың негізгі талаптары. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жаңа заманауи мектептің ашылуы ауылдың барша тұрғыны үшін баға жетпес сыйға айналды», - деп атап өтті білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова.
Мектептің ашылу салтанатына мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаныл Жонтаева, Еңбекшілдер ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Валерий Лебедев қатысты.