28.11.2014
«Балапан» бағдарламасы аясында 10 айда 107 мектепке дейiнгi ұйым ашылды. Оның 83-і жекеменшік балабақша, 12 шағын орталық, яғни 95-і жекенің есебінен. Бүгінде 145 мың бала қамтылып, көрсеткіш 72,5%-ға жетті», - деп мәлім етті әкім.
Жалпы Білім саласында 115 нысанның құрылысы жүргізілуде. 29 нысан іске қосылды. Жылдың соңына дейін 11 нысан пайдалануға беріледі.
«Оның ішінде 48 апатты мектептің 32-нің, 21 үш ауысымды мектептің 7-нің құрылысы жүргізілуде. Қалған 16 апатты, 14 үш ауысымды мектептің мәселесі 2015-2017 жылдарда толығымен шешіледі», - деп атап өтті А. Мырзахметов.
Сонымен қатар, әкім облыстың білім саласындағы кейбір жетістіктерге тоқтала кетті. Атап айтсақ, ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орта балы өткен жылдан көтеріліп, 74,5 құрады (2013 ж. - 72,5). «Алтын белгіге» 436 түлек ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 99 түлекке артты.
Индира Кауметова