24.11.2014
«Қазалы ауданында тұңғыш рет осындай заманауи үлгідегі спорт кешені аудандық бюджет қаржысымен салынып отыр. Бұл біздің аймақ экономикасының өркендеп келе жатқандығының дәлелі. Мұның барлығы – Елбасы қолдауымен спортты дамыту саласында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі деп есептеймін. Жаңадан ашылып отырған спорт кешені жас жеткіншектердің арманына қанат бітіріп, еліміздің абыройын асқақтатар даңқты спортшылар тәрбиелеуде мол септігін тигізеді деп сенемін», - деп облыс әкімі Қ.Көшербаев жылы лебізін білдірді.
Соңғы үш жылда облыста 325 шағын спорт алаңдары салынса, биылғы жылдың өзінде Сырдария ауданының Тереңөзек кенті мен Шаған ауылында спорт кешендері халықтың игілігіне берілді. Нағи Ілиясов ауылында стадион мен спорт кешені, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері және Қызылорда қаласында бокс орталығы, ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында ипподром құрылыстары басталды.